​Қызылордада күріш уақытынан кеш пісіп жатыр

0
88

3,3 млрд текше метр су облысқа каналдар арқылы алынды.


​Қызылордада күріш уақытынан кеш пісіп жатыр

Фото: Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

ERNUR.KZ. Биыл Қызылорда облысында вегетациялық кезең күрделі жағдайда өтіп жатыр. Егінге қажетті су көлеміне сұраныс шегіне жетті, деп жазады kaz.inform.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, осы жылы өңірде 189,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылы егілді. Оның 80,9 мың гектары — күріш.

“ Егінді тұрақты суару үшін белгіленген су лимиті — 3,9 млрд текше метр. Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының отырысында 2025 жылдың вегетациялық кезеңінде Шардара су қоймасына 3,7 млрд текше метр, оның ішінде 1 сәуір-10 тамыз аралығында 3 млрд текше метр су түседі деп болжанған. Бірақ жоспардан 1 млрд текше метр кем су түсті “, — делінген хабарламада.
3,3 млрд текше метр су облысқа каналдар арқылы алынды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық ауданда құрылған жұмысшы топтар жағдайды бақылауға алып, кеңінен түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді.

“ Жоспарланған су күрішке уақытылы берілмеді. Соған байланысты күріштің пісу уақыты кешеуілдеп жатыр. Бүгінгі күні басты дақылдың 20%-ның ғана суы байланды. Диқандар одан басқа ерте егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға кірісті “, — делінген хабарламада.