Құжат 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап 10 ақпанды қоса алғанда «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арқылы қолма — қол қабылданады.
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform
ERNUR.KZ. Қытайдың жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды, деп жазады inform.kz.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, Қытай үкіметі 2026–2027 оқу жылына ҚХР мемлекеттік стипендиясы бойынша оқуға 73 білім грантын ұсынады.
Аталған гранттар келесі білім беру бағдарламалары бойынша бөлінген.
— бакалавриат;
— магистратура;
— докторантура.
Грант мына шығынды өтейді:
— тегін оқу;
— ай сайынғы стипендия;
— медициналық сақтандыру;
— жатақханада тұру.
— Қалған шығынды грант иегері өзі төлейді. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өту тиіс. 2026 жылдан бастап ҚХР-дың жоғары оқу орындарында бакалавр дәрежесін алуға үміткер барлық шетелдік талапкер шетелдік студенттерге арналған академиялық дайындық тестінен (CSCA) өтуге міндетті. Құжаттарды қабылдау кезеңінде академиялық дайындық тестінен (CSCA) өту және оның нәтижелерін ұсыну талап етілмейді, көрсетілген тест конкурстық іріктеуден өткеннен кейін тапсырылады. CSCA тестілеуі туралы толық ақпарат www.csca.cn ресми сайтында орналастырылған, — делінген хабарламада.
Құжат 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап 10 ақпанды қоса алғанда «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ арқылы қолма — қол қабылданады. Толық ақпарат ресми сайтта орналастырылған.


