Қазір осы қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша тергеу және жедел шаралар жүргізіліп жатыр.
Видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қырғызстанда вебкам студияларының желісін ұйымдастырған бір топ адам қамауға алынды, деп жазады stan.kz.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Бішкектің Первомай аудандық ішкі істер департаментімен бірлесіп, интернет арқылы жезөкшелік пен азғындықты ұйымдастырғаны үшін Қырғызстанның үш азаматын тұтқындады. Олар қылмыстық топтың құрамында әрекет етіп, Бішкек пен Қазақстанда веб-кам студияларының желісін ашты.
Ұйымдасқан топ мүшелері заңсыз әрекеттерін жасыру үшін Бішкектің әртүрлі аудандарында пәтер жалдағаны анықталды. Олардың тұрғылықты жерлерінде жедел тінтулер жүргізіліп, веб-камераларды, жарықтандыру жабдықтарын, компьютер және басқа да техникалық жабдықтарды, сондай-ақ эротикалық костюмдерді тәркіледі.

Видеодан скриншот
Бұл топ негізінен веб-кам қызметтерін Chaturbate (CB), Stripchat (strip) және BongaCams арқылы онлайн режимінде хабар таратты, одан түскен қаражат олардың Binance крипто әмияндарына аударылды.
Қазір осы қылмысқа қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша тергеу және жедел шаралар жүргізіліп жатыр.


