2024 жылы еліміз бойынша рекордтық 19,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жаңа пәтерлер саны 173 мыңнан асты.
Фото: Ерлан ОМАР, «ЕQ»
ERNUR.KZ. Құрылысшылар күнінің тарихы өткен ғасырдың ортасында жаңа қалалар, зауыттар мен тұрғын үйлер қауырт салына бастаған кезеңмен тығыз байланысты. Сол дәстүр еліміз егемендік алған соң сәтімен жалғасты. Қала, ауыл, аудандарда құрылыс жұмыстары кең қанат жайды.
2024 жылы еліміз бойынша рекордтық 19,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жаңа пәтерлер саны 173 мыңнан асты.
Жеке тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып келеді. Мәселен, 2019–2024 жылдар аралығында 183 мыңнан астам жер учаскесі инженерлік желілермен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, жеңілдетілген ипотека, жалға берілетін тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары аясында алты жыл ішінде әлеуметтік осал санаттар 77 мыңнан астам жалға берілетін пәтер, «Отбасы банкінің» жеңілдетілген қарыздары арқылы 80 мыңнан астам қолжетімді несие (2% мөлшерлеме бойынша – 22 022 займ, 5% мөлшерлеме бойынша – 58 450 займ) алды. Бұл игі шаралар азаматтардың жеке тұрғын үй салу мүмкіндігін кеңейтті, жаңа аудандардың дамуына ықпал етті.