​ҚТЖ: қазақстандық жасымық Үндістанға жөнелтілді

0
137

Тасымалдау өндірістің және отандық өнімнің экспорттық әлеуетінің өсімі бедеріндеұйымдастырылды.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

ERNUR.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «KTZ Express» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағдарының инфрақұрылымын пайдалана отырып, қазақстандық жасымықты Ақмола облысынан Үндістанға тасымалдауды ұйымдастырды.

Тасымалдау өндірістің және отандық өнімнің экспорттық әлеуетінің өсімі бедеріндеұйымдастырылды. Қазақстан жасымық экспорты бойынша әлемде 6-шы орында. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, 2025 жылы елдегі дәнді-бұршақты дақылдардың өнімі арғыжылмен салыстырғанда 56% артып, рекордтық бір миллион тоннаға жетті.

Жасымық өндірісі мен өңдеу белсенді дамып келе жатқан өңірлердің бірі Ақмола облысы болып табылады. Өндіріс көлемінің өсуі қазақстандық өнімді жеткізу географиясының кеңеюіне ықпал етеді. Перспективалы бағыттардың бірі жасымық партиясы Ақкөл станциясынан Мундра портына мультимодальды маршрут бойынша жөнелтілген Үндістан нарығы.

Бірінші кезеңде жүк Ақкөл қаласынан Ақтау портына дейін теміржол арқылы тасымалданды. Әрі қарай контейнерлер Каспий теңізі арқылы Алят портына (Әзірбайжан) жеткізілді. Әзірбайжан аумағынан жүк теміржолмен Грузияның Поти портына (Грузия) дейін жалғасып, теңіз көлігімен Мундраға (Үндістан) жол тартты.

Осы бағыт бойынша қазақстандық жасымықты жеткізуді ұйымдастыру отандық өндірушілердің Оңтүстік Азия нарығына шығу мүмкіндіктерін кеңейтеді және жаңа экспорттық бағыттардың дамуына ықпал етеді