ҚР БҚДА өкілі экономиканың барлық субъектісіне тең жағдай жасау жөніндегі шаралар туралы баяндады

0
128

Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту жолымен кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық қабылдады.


ҚР БҚДА өкілі экономиканың барлық субъектісіне тең жағдай жасау жөніндегі шаралар туралы баяндады
ERNUR.KZ. Жарлықта экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін қысқарту, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қызметін жақсарту, тең жағдай жасау, қаржы нарығында бәсекелестікті қамтамасыз ету, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласпауы сияқты түйінді ережелер қамтылған. Барлық рәсімнің ашықтығын арттыру және экономиканың барлық субъектісіне тең жағдай жасау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны жайлы ОКҚ алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов айтты.

Мәселен, спикер «Экономиканың барлық субъектісіне тең жағдай жасау» бағытында байланыс операторларының кабельдік кәрізге қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша заңнамалық түзетулер қабылданғанын айтты. Жергілікті атқарушы органдарға түгендеу жүргізу және кабельдік кәрізді жалға беру құзыреті берілген. Мұнай және мұнай өнімдері нарығында жеткізушілердің шикі мұнайды, газ конденсатын және қайта өңдеу өнімдерін өңдеуге, сондай-ақ негізгі қуатқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді жетілдіруді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.

«Жеке мұнай жеткізушілерінің тасымалдау қызметтеріне тең және кемсітусіз қолжетімділігін арттыру үшін цифрлық платформаны енгізуді көздейтін мұнайды жеткізу және тасымалдау кестесін қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізілді. Нарық субъектілерінің мұнай өңдеу және тасымалдау қызметтеріне, сондай-ақ әуежайлар аумағында авиаотын сақтау қызметтеріне тең және кедергісіз қолжеткізу қағидаттарын белгілейтін негізгі қуатқа тең қолжеткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді», – деді Рустам Ахметов.

Сондай-ақ ол АШМ 200 млн га-дан астам ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландырғанын, бұл республиканың ауыл шаруашылығы алқаптарының 100% аумағын құрайтынын хабарлады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі факторы – жерлер мен жайылымдарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ жер комиссиясы мен қағаз рәсімдерінің қатысуы алынып тасталды, бұл жерді бөлудің ашықтығына ықпал етеді.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде жер қойнауы учаскелерін электрондық аукцион арқылы өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер жоспарлануда.

«Кросс-субсидиялаудан біртіндеп бас тарту бойынша жаңа жоспар-кесте бекітілді. Мақсаты – шағын және орта бизнеске жүктемені азайту және электр энергиясын сатудың бөлшек сауда нарықтарында бәсекелестікті дамыту», – деп толықтырды Агенттік төрағасының бірінші орынбасары.

Тариф қалыптастырудың ынталандырушы әдісіне көшу бойынша реформа ұсынылды. Спикердің айтуынша, мемлекеттік сатып алу саласында жеке бизнес субъектілерінің өтінімдері болған кезде мемлекет қатысатын нарық субъектілерінің өтінімдерін қабылдамауды көздейтін нормалар көзделген. Тауар биржасы туралы заңнаманы өзгерту шеңберінде стандартталмаған тауарларды тауар биржалары арқылы өткізуге және рәсімдердің ашықтығын арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуге шектеулер енгізілді.

Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру қағидаларының жобасын әзірледі, 111 қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын қамтитын МҚТ тізілімін жасады. Сондай-ақ сатып алу тізіміне кірудің, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаларды тіркеудің бизнес-процестерін цифрландыру жүргізілді.

Сонымен қатар спикер «Қаржы нарықтарында адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін жағдайларды жетілдіру» бағыты бойынша Агенттік жаңа банктер ашуға мүмкіндіктерді кеңейту және халық пен кәсіпкерлік субъектілері үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысатынын атап өтті.