Қостанай облысында зауытта жұмысшы көз жұмды

0
114

Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталған.


Қостанай облысында зауытта жұмысшы көз жұмды

фото: pixabay.com / Karl Reinery

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қостанай облысы Рудный қаласындағы зауытта жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы зауыт басшылығы хабарлады.
Қайғылы жағдай 19 маусым "ERG Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған.
"Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытының электрлі болат құю цехында жазатайым оқиға болды. Болат балқыту пешінде жұмыстарды орындау кезінде маман көз жұмды", - деп хабарлады "ERG Service" компаниясында.
Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталған.
"ERG Service" ұжымы мен басшылығы марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Компания марқұмның отбасына көмек көрсетеді", - деп жазды зауыт мамандары.
Айта кетейік, Рудный қаласындағы "ERG Service" кәсіпорны жабдықтарды жөндеумен, машина жасау бұйымдарын өндірумен айналысады. Сондай-ақ тау-кен металлургия және энергетика кәсіпорындарына қажетті заттар өндіреді.