Қайғылы оқиға Майкөл ауылының маңында болды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қостанай облысында үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады.
Ведомство мәліметінше, «Қостанай – Алматы – Екатеринбург» автожолының Қостанай ауданына қарасты Майкөл ауылының маңында үш көлік соқтығысты. Апат салдарынан «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, «DAF» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан учаскелерде жылдамдықты төмендетуге, барынша мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - делінген ПД хабарламасында.


