46 жастағы тұрғын мотоциклмен мал іздеуге кеткен.
© Photo : СС0 / Thorsten Frenzel
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Жангелдин ауданында ер адам мал іздеймін деп жоғалып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Ер адам 21 қарашада шығып кетіп, қайтып оралмаған. 46 жастағы тұрғын мотоциклмен мал іздеуге кеткен.
"Телефоны болмағандықтан іздестіру жұмыстарын айтарлықтай қиындады. Іздеу жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен күштері жұмылдырылды. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары да қатысты", - дейді ведомстводағылар.
Іздеу-құтқару тобының жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат аман-есен табылды.
Тұрғын Жангелдин ауданы Шили ауылынан 35 шақырым қашықтықта, Ақжар елді мекенінің маңындағы ашық далада тапты.
Азаматтын денсаулығына қауіп жоқ, медициналық көмекті қажет етпеді.


