Сот жаза ретінде оған 100 сағат түзету жұмысын кесті.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Қосшы қаласында көп балалы әке әйелі мен кішкентай қызын сабаған. Оқиға орнына жеткен учаскелік инспектор арнайы құжат толтырып, азаматтық некедегі әйеліне жоламау туралы талап қойған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Оқиға 2025 жылдың қазанында Қосшы қаласында болған. Учаскелік инспектор тексеруге келіп, әйел ғана емес, оның екі жасар қызы да зардап шеккенін анықтады. Сондықтан, ер адамға қатысты әйеліне жоламау туралы қағаз берген. Қылмыстық істі тіркеп, оны тергеп, сотқа жолдады», - деп хабарлайды полиция.
Сот істі қарай келе, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін ер адамды 100 сағат қоғамдық жұмысқа жекті.


