Елді мекен аумағында қозғалыс кезінде көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі жыраға аударылған.
фото: Stefan Schweihofer
ERNUR.KZ. Ақтөбеде жасөспірім көлік рөлінде жол апатына түсті, деп жазады sputnik.kz.
13 жастағы жасөспірім әкесінің көлігімен жол апатына түсті. Қайғылы оқиға 27 қазанда болған.
"Ақтөбе қаласының Бауырластар тұрғын алабында жасөспірім әкесінің автокөлігін рұқсатсыз алып кеткен. Елді мекен аумағында қозғалыс кезінде көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі жыраға аударылған", - дейді ведомстводағылар.
Жол апаты салдарынан жасөспірім дене жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Алайда дәрігерлердің қабылдаған шараларына қарамастан қайтыс болды.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.


