Ойындарға шамамен 2800–3000 спортшы қатысады.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
ERNUR.KZ. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 2026 жылдың 31 тамызынан 6 қыркүйегіне дейін өтеді, деп жазады inform.kz.
Ойындарға шамамен 2800–3000 спортшы қатысады. Жарыстар 43 спорт түрінен өтеді, оның 20-сы қырғыз ұлттық ойындары.
Ашылу салтанаты ел астанадасындағы жаңа «Бішкек Арена» стадионында, ал спорттық іс-шаралар Ыстықкөл облысында өтеді.
Бұған дейін 60-тан астам ел VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатынын растағаны хабарланған болатын.
Жақында Бішкекте ойындарға неше күн қалғанын еске салып тұратын электронды кері санақ тақтасы ресми түрде іске қосылды.
Сондай-ақ, біз барыстың 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының талисманы ретінде таңдалғанын хабарладық.


