"Халық көтере алмайды": Депутат Қазақстандағы тарифтердің өсуіне тыйым салу мерзімін ұзартуды сұрады

0
164

Бақытжан Базарбек бүгіннен бастап Қазақстанда коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай тарифтеріне қатысты мораторийдің күші жойылғанын айтты.


Фото: Іnstagram.com/bakytzhan.bazarbek

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек кулуарда Қазақстанда коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілуіне мораторийді ұзарту қажет екенін айтты, деп жазады stan.kz.

Бақытжан Базарбек бүгіннен бастап Қазақстанда коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай тарифтеріне қатысты мораторийдің күші жойылғанын айтты. Депутат тариф бағасының күрт өсіп кетпейді деп үміттенеттінін және мораторий алынғаннан кейін уәкілетті орган әрекет жоспарын ұсынады деп сенетінін жеткізді.

“Тарифтер бұрынмен салыстырғанда өте қатты көтерілген, халықтың, адамдардың қалтасы көтермейді. Тарифтер өте жоғары, ал табыс деңгейі оған жетпейді. Сондықтан біз қарапайым азаматтардың жағдайын ескеруіміз керек – халық оны көтере ала ма? Менің ойымша, үкімет те дәл осы санат бойынша ойлайды”, – деді депутат.

Базарбек мораторийді созуды қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, жақын арада тарифтерді көтеру туралы мәселе мүлде көтерілмеу керек.

Бұған дейін 1 cәуірден бастап мораторий күшін жоятыны айтылған болатын.