ТҮРКІСТАН: Отырарда шіркейге қарсы күрес басталды

0
88

Биологиялық әдіспен залалсыздандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.


ТҮРКІСТАН: Отырарда шіркейге қарсы күрес басталды

Отырар ауданында шіркейге қарсы дезинсекция жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданы аумағында шіркейге қарсы дезинсекциялау жұмыстары басталды. Көктем мезгілінің басталуына байланысты зиянкестердің көбеюінің алдын-алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынуда. Аталған жұмыстар ғылыми сүйемелдеу негізінде жүргізілуде. Атап айтқанда, биологиялық әдіспен залалсыздандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.


Дезинсекциялау шаралары Сырдария өзені бойы мен елді мекендер аумағын қамтиды. Қажеттілігіне қарай биологиялық өңдеуден кейін химиялық залалсыздандыру жұмыстары да жүргізіледі. Аталған жұмыстарды жүргізуге 10 қайық, 18 арнайы техника және 41 маман жұмылдырылған.

Бөлісу