Қаңтардан тамызға дейін ақылы оқуға түсу үшін, мамырдан шілдеге дейін грант конкурсына қатысу немесе ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыруға болады.
Фото: testcenter.kz
ERNUR.KZ. Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлер үшін ақпараттық жадынама жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.
ҰБТ-ны жылына 5 рет тапсыруға болады:
- қаңтар, наурыз, тамыз айларында – ақылы оқуға түсу үшін (3 рет);
- негізгі (мамырдан бастап шілдеге дейін) – грант конкурсына қатысу үшін немесе ақылы оқуға түсу үшін 2 мүмкіндік.
Кімдер қатыса алады?
Келесі жылы:
- биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- шартты түрде оқып жатқандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- колледж түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- өткен жылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- ұлты қазақ шетел азаматтары (қандастар) – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
- ақылы негізде басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз;
- ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз ҰБТ-сын тапсыра алады.


