Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық көлемде қамтамасыз етілген.
ERNUR.KZ. Электр станциялары Жүйелік оператор бекіткен режимге сәйкес жұмыс істеуде. Биыл қажетті жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілді. Бұл туралы ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, жақында алдағы жылыту маусымына дайындық кестесі бекітілді. Соған сәйкес тиісті жөндеу жұмыстары басталып кетті. 2026 жылы 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина күрделі жөндеуден өтеді. Степногорск, Жезқазған қалаларындағы жалпы резервтік мүмкіндігі бар жылу орталықтарында жөндеу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ вице-министр отынмен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті.
«Бүгінде барлық ЖЭО-дағы қазандықтарда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар. Желтоқсан айында ол 5 млн тоннадан да артық болған. Әр ЖЭО-да нормативке сәйкес 10-20 тәуліктік көмір қоры бар. Әлеуметтік мазутпен де толық қамтамасыз етілген. Сондықтан бұл жағынан станциялаларда ешқандай проблема жоқ. Қазір көмір мәселесі Энергетика министрілігіне жүктелген. Әріптестерімізбен коммуналдық сала мен көмірмен қамтамасыз ету көлемін бақылаудамыз», – деді спикер.
Айта кетерлігі, жылыту маусымынан басталғаннан бері барлығы өңірлерге 7,5 млн тонна көмір жеткізілді.


