Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды.
ERNUR.KZ. Кореяда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық спортшы алтыннан алқа тақты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ұлттық Олимпиада комитеті таратқан мәліметке сәйкес, юниорлар арасындағы жарыстарда Роман Хегай аттағы жаттығуда 13.800 ұпаймен бірінші орынға ие болса, Нұрлан Ыдырысов тура сол сайыста 12.866 ұпаймен күміс жүлде алды.
Ал қоссырықта Ыдырысов 13.933 есеп жинап, Азия чемпионы атанды. Қазақстанның юниорлар құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.
Айта кетері, бұған дейін Нариман Құрбанов алтын алса, Милад Карими бұған дейін осы чемпионатта спорттық гимнастикадан еркін жаттығулар бойынша күміс жүлде иеленген болатын.