Қазақстанның ресми халық саны аталды

0
94

2025 жылдың басымен салыстырғанда халық өсімі – 212 576 адам.


Қазақстанның ресми халық саны аталды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросында (ҰСБ) 2026 жылғы 2 ақпанда Қазақстан халқының жаңартылған саны туралы мәліметтер жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Жарияланған статистикалық деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы Қазақстан халқының саны – 20 495 975 адам, оның ішінде:

  • 10 477 240 әйел,
  • 10 018 735 ер адам.

Бюроның хабарлауынша, Қазақстандағы қалалық халық саны – 13 029 803 адам, ал ауылдық – 7 466 172 адам.

2025 жылдың басымен салыстырғанда халық өсімі – 212 576 адам, оның ішінде:

  • табиғи өсім – 196 423 адам,
  • көші-қон сальдосы – 16 153 адам.

Сурет: stat.gov.kz

Статистикалық деректерге сүйенсек, республика бойынша халық саны бойынша көшбасшы 7 өңір сақталған:

  • Алматы – 2 347 924 адам
  • Түркістан облысы – 2 148 658 адам
  • Астана – 1 638 233 адам
  • Алматы облысы – 1 596 331 адам
  • Шымкент – 1 293 648 адам
  • Жамбыл облысы – 1 215 373 адам
  • Қарағанды облысы – 1 131 287 адам

Халық саны ең аз 3 өңірдің тізімі де өзгермеген:

  • Ұлытау облысы – 218 993 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам
  • Абай облысы – 595 676 адам