Қазақстанның көлік кептелісі бойынша әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

0
115

Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жолдағы кептеліс пен көлік тиімділігі бойынша жағдай нашар дегенді білдіреді.


Қазақстанның көлік кептелісі бойынша әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстан жолдардағы көлік жүктемесі мен газ шығарындылары деңгейі бойынша 89 елдің ішінде 44-орында тұр, деп жазады tengrinews.kz.

Рейтингке сәйкес, елдің индексі 136,3 балл болған. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жолдағы кептеліс пен көлік тиімділігі бойынша жағдай нашар дегенді білдіреді.

Қазақстанда бір бағыттағы сапардың орташа ұзақтығы - 35,8 минут. Көлік жүйесінің тиімсіздік индексі 141,3 деңгейінде. Бұл тұрғындардың жеке автокөлікке тәуелділігі жоғары екенін және қоғамдық көліктердің тартымдылығы төмен екенін көрсетеді.

Көмірқышқыл газы (CO₂) шығарындыларының деңгейі бойынша Қазақстанның көрсетікіші - 3 942,5 грамм. Бұл атмосфераға түсетін орташа ластану көлемі.

Салыстыра кетсек, қоғамдық көлік пен велоинфрақұрылымы дамыған елдерде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен, ал жолға кететін уақыт та қысқа.