Оқиға кеше Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.
Фото: видеодан алынғын скрин
ERNUR.KZ. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Әйел мен ер адам бұрыннан таныс болған, деп жазады inform.kz.
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе қаласында әйелді өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұм әйел бұрын таныс болған. Араларында туындаған жанжал барысында ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстың себептері анықталуда. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді, — деді Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров.


