Қазақстанның электр желісіндегі адам көре алмайтын зақымды енді жасанды интеллект табады

0
99

​Бұл туралы бүгін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті.


Қазақстанның электр желісіндегі адам көре алмайтын зақымды енді жасанды интеллект табады

Фото: үкімет

ERNUR.KZ. Қазақстанның жылу желілері мен электр желілеріндегі ақауды енді жасанды интеллект диагностикадан өткізеді. Бұл туралы бүгін қорытынды брифинг өткізген энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазір жасанды интеллектіге ерекше назар аударып жатырмыз. Еніп жатқан құралдар өз тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп отыр. Нарық өкілдерімен бірлесіп, саланың қажеттіліктерін анықтап, ЖИ қолданудың нақты сценарилерін пысықтап жатырмыз. Негізгі міндеттер – әуе желілерін дефектоскопиялау және жылу желілерін ішкі диагностикалау. Бұл технологиялар адам көре алмайтын жасырын зақымдарды анықтауға мүмкіндік беріп, жөндеу шығындарын едәуір азайтады», - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Ақкенженовтің сөзіне сенсек, осылайша бюджеттің ондаған млрд теңгесін үнемдеуге болады.