Жолды бүгін сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. "Қазавтожол" компаниясының мәліметі бойынша ауа райының қолайсыздығына (минус температурада жаңбыр жауды) байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп жазады sputnik.kz.
Ақтөбе облысы:
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ ауылы–Қызылорда облысы шекарасы).
Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы–Арал қаласы).
Сондай-ақ ауа райының нашарлауына (температураның төмендеуі, тұман) байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысы:
"Қостанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Қарабұтақ" автожолыың 0-234 км аралығы, Карабұтақ аулынан Қостанай обл шекарасына дейін.
Қостанай облысы:
"Қостанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Қарабұтақ" автожолының 234-310 шақырымы аралығы, Ақтөбе облының шекарасы – Адаевка ауылы.
Жолдарды 2025 жылғы 07 желтоқсан сағат 18:00-де ашу жоспарланған.


