Қазақстаннан Жапония мен АҚШ-қа жаңа әуе рейстері ашылады

0
691

2025 жылы Air Astana әуекомпаниясы "Алматы–Нячанг" (Вьетнам), "Астана–Нячанг" және "Алматы–Франкфурт" бағыттары бойынша жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр.


Қазақстаннан Жапония мен АҚШ-қа жаңа әуе рейстері ашылады

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. ҚР Көлік министрлігі биыл халықаралық бағытта жаңадан қандай әуе рейстері ашылатынын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

– 2025 жылы Air Astana әуекомпаниясы "Алматы–Нячанг" (Вьетнам), "Астана–Нячанг" және "Алматы–Франкфурт" бағыттары бойынша жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ал малайзиялық "Air Asia x" авиакомпаниясы "Алматы – Куала-Лумпур" бағыты бойынша рейстер санын аптасына 7 ретке дейін арттыруды есерілген, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, орта мерзімді перспективада Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашу пысықталып жатыр.

– 2025 және 2026 жылдары Жапонияға, АҚШ-қа, Сингапурға, сондай-ақ Мароккоға жаңа әуе маршруттарын ашу жоспарланған, – деп аталып өткен министрлік ақпаратында.