Қазақстанға 0°С дейін суық түсіп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады

0
111

Бұған дейін синоптиктер Алматы, Астана және тағы үш қала тұрғындарын қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерткен еді.


Қазақстанға 0°С дейін суық түсіп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады

Фото: unsplash

ERNUR.KZ. Алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында Қазақстан аумағында күрт суыту күтіледі. Ауа температурасы түнде 0°С-қа дейін төмендеп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 13-15 қыркүйекке арналған болжамында мәлім етті:

"Алдағы күндері фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады".

Қазгидрометтің ақпаратына сәйкес, қатты жаңбыр, бұршақ және шквалды жел күтіледі:

  • 13-14 қыркүйекте – Шығыс Қазақстан облысында,
  • 14 қыркүйекте – Жетісу облысының таулы аудандарында,
  • 15 қыркүйекте – Маңғыстау облысында.
"Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы уақыттарда елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында тұман түседі"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Ауа райы температурасы да төмендейді:

  • елдің шығысында түнде 0…+9°С, күндіз +10…+22°С,
  • оңтүстікте түнде +10…+16°С, күндіз +17…+28°С,
  • орталықта түнде +1…+9°С, күндіз +12…+20°С.
"Солтүстік пен солтүстік-батыста күндізгі температура +12…+19°С дейін жоғарылайды. Батыс пен оңтүстік-шығыста ауа райының температуралық фонында айтарлықтай өзгерістер болмайды"."Қазгидромет" РМК

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Алматы, Астана және тағы үш қала тұрғындарын қолайсыз метеожағдайлар туралы ескерткен еді.