Ресейде газ құбырында апат болды: Қазақстанға газ жеткізу жалғасып жатыр

0
166

Пенза облысындағы магистральдық газ құбырында болған апат Қазақстанға газ жеткізуге әсер еткен жоқ.


Ресейде газ құбырында апат болды: Қазақстанға газ жеткізу жалғасып жатыр

Фото: РФ ТЖМ баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство мәліметінше, ресейлік газ Қазақстанға қолданыстағы келісімшарттар аясында және өтінімдерге сәйкес үздіксіз келіп тұр. Ел аумағы арқылы Өзбекстанға да газ транзиті жоспарланған көлемде жүзеге асырылып отыр.

Энергетика министрлігі Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің жұмысында ауытқу тіркелмегенін атап өтті. Диспетчерлік арналар арқылы "Газпромнан" жеткізу режимін өзгертуге қатысты сұраныс түскен жоқ.

13 қазанда Ресейдің Пенза облысы Белинский ауданындағы Волчково ауылында апат болды. Магистральдық газ құбырында жарылыс болып, арты өртке ұласты. Ресей ТЖМ алдын ала мәліметтері бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Газпром трансгаз Саратов" мекемесі апатты учаскедегі өрттің өшірілгенін, ал тұтынушыларды қамтамасыз ету баламалы бағыттар арқылы ұйымдастырылғанын хабарлады.