Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы өмірден өтті

0
224

​Қаралы хабарды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.


Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы өмірден өтті

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

ERNUR.KZ. «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің анасы өмірден өтті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаралы хабарды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Ұлтай Мейрамбекқызы анамыз Раббысына қайтты. Жаназа намазы 14.10.2026 күні Түркістан облысының Созақ ауылындағы өз шаңырағында сағат 15:00-де өтеді», – деп жазылған естірту хатында.

Қайғылы хабарға танымал адамдар қайғыра көңіл айтты.

«Жаратқан Алланы бір деп танып, тілін калима мен зікірге толтырып, ақ маңдайын киелі сәждесіне қойып, ақ жаулықты ана қазақи болмысын сақтап, ұрпағын тәрбиелеген, қосағына жар болған, Қазақ халқының тілеуін тілеген Ұлт анасы бола білген Ардақтымыздың әбәди тұрағы жәннет болсын! Әумин!» – деп жазды Нұрлан имам.
«Алла алдынан жарылқасын алтын әжемізді, барар жері пейіш болсын, ағажан! Елде бола алмай тұрғаным барып қайғыға ортақтасатын», – деп жазды Нұрсұлтан Рысмағамбет.
«Саке казаның арты қайырлы болсын. Анаңыздың иманы саламат болсын. Жаны жәннеттен орын болсын. Қайғыңызға ортақпыз», – деп жазды заңгер Мейірман Шекеев.

Сол сияқты әр саладағы өзге де танымал тұлғалар Сәкен Майғазиевке көңіл айтты