Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты

0
80

Жаңа жүйе кеше, 18 қазан күні пайда болған еді.


Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Ұялы телефондағы eGov Mobil қосымшасында қазақстандықтардың әл-ауқатын анықтайтын жаңа калькулятор істен шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, жаңа жүйе eGov Mobil қосымшасында кеше, 18 қазанда пайда болған еді. Бүгін, 19 қазан күні түскі таман қазақстандықтар калькулятордың істемей тұрғанын жаза бастады.

Ал жоба авторлары қазір жүйеде «техникалық жұмыс жүріп жатыр» деп хабарлаған.

Дәл осы калькулятор арқылы қазақстандықтар отбасының әл-ауқаты қалай бағаланатынын түсініп, өзінің қай санатқа жататынын алдын ала болжай алады.

Дегенмен, Еңбек министрлігі де, қосымшадағы ескерту хабарламасы да осы калькулятордың қорытындысы жәрдемақының тоқтайтынын немесе төлене беретінін шешпейді дейді.

«Айта кетерлігі, калькулятор адамның әл-ауқатын өзі енгізген мәліметтер негізінде есептеп береді және тек ақпараттық сипатқа ие. Яғни калькулятордың нәтижесі әлеуметтік төлем тағайындау немесе оны тоқтату туралы шешім болып саналмайды», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Айта кетейік, бұған дейін интернетте қазақстандықтардың қай санатқа жататынын анықтайтын калькулятор пайда болған еді.