Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға кеткен шығын көлемі жарияланды

0
96

Мемлекет тарапынан эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсалды.


Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға кеткен шығын көлемі жарияланды

Photo : StelaDi

ERNUR.KZ. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға кеткен шығынның жалпы көлемін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Бастапқыда эвакуацияланатындар саны шамамен 4 мың адам болған. Алайда кейін Таяу Шығыстан шығарылған қазақстандықтардың саны 10 мыңнан асты.
"Мемлекет тарапынан эвакуациялауға жұмсалған қаражат көлемі шамамен 4 миллион долларды құрады", – деді Сауранбаев үкіметтегі брифингте.
Министрдің айтуынша, бұл қаражаттың бір бөлігі әуе компанияларының шығынын өтеуге бағытталған.
"Себебі ол жақта қалып қойған адамдардың қайту билеттері болған. Біз сақтандыру жағдайларына байланысты қосымша шығынды өтедік. Сондай-ақ азаматтарымызды Дубайдан жақын маңдағы елдерге жеткізу шығындары да болды. Барлығына шамамен 4 миллион доллар жұмсалды", – деп түсіндірді Сауранбаев.