Қазақстандықтарда жарты жылға ақылы демалыс алуға тағы бір мүмкіндік пайда болады

0
89

Бүгін Сенатта "Еңбек заңнамасын жетілдіру туралы" заң жобасы қаралды.


Қазақстандықтарда жарты жылға ақылы демалыс алуға тағы бір мүмкіндік пайда болады

Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

ERNUR.KZ. Қазақстанда жалақысы мен жұмыс орны сақталатын ұзақ мерзімді демалысқа шығудың тағы бір мүмкіндігі пайда болуы мүмкін. Еңбек кодексіне осындай түзетулер енгізу ұсынылып отыр, деп жазады tengrinews.kz.

Не болды?

Бүгін Сенатта "Еңбек заңнамасын жетілдіру туралы" заң жобасы қаралды.

Негізгі нормалардың бірі – жұмысты оқу немесе ғылыми қызметпен ұштастыратын қызметкерлерге алты айға дейінгі мерзімге оқу демалысын беру құқығы.

Толығырақ

Қазіргі уақытта оқу демалысы, әдетте, оқуға байланысты шараларға - емтихандарға, диплом дайындауға немесе зертханалық жұмыстарды орындауға беріледі. Енді заңда оны мына жағдайларда алуға болатынын бөлек көрсету ұйғарылды:

  • әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларынан өту;
  • диссертация жазу және қорғау;
  • ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • басқа да ғылыми жұмыстар.

Бұл ретте мерзім бойынша шектеу енгізіледі – оқу демалысы ең көбі алты айға дейін берілуі мүмкін.

"Халықаралық "Болашақ" стипендиясы аясында шетелде білім алу, тағылымдамадан өту жағдайларын қоспағанда. Тараптардың келісімі бойынша оқу демалысы бөліп берілуі мүмкін", – делінген құжатта.

Басты өзгеріс – оқу демалысы кезінде қызметкердің жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақталуы тиіс. Бұған дейін мұндай кепілдіктер заңда тікелей бекітілмеген және көбінесе жұмыс берушінің шешіміне немесе ішкі шарттың талаптарына байланысты болатын.

"Болашақ" бағдарламасына қатысушылар үшін бөлек ереже қарастырылған: олардың жұмыс орны сақталады, алайда шетелде оқу немесе тағылымдамадан өту кезеңінде жалақы төлеу мәселесі жұмыс берушінің қарауында қалады.

"Іс жүзінде жұмыс пен ғылыми зерттеулер арасындағы тепе-теңдікті сақтау, әсіресе қарқынды академиялық қызмет кезеңдерінде өте қиын болуы мүмкін", – делінген құжатқа берілген түзетулер негіздемесінде.