2025 жылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша банктер өтінімдер санының күрт өсуіне қарамастан, ипотекалық қарыздарға сұраныстың төмендегенін атап өтті.
Фото: freepik
2025 жылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша банктер өтінімдер санының күрт өсуіне қарамастан, ипотекалық қарыздарға сұраныстың төмендегенін атап өтті. Бұған екінші деңгейлі 21 банк қатысқан ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнама дәлел.
ҰБК қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Күбенбаевтың айтуынша, есептік тоқсанда ипотекалық несиеге сұраныс төмендеуіне ипотекалық несиелеу бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің 25%-дан 20%-ға дейін төмендейтіні әсер етті. Осыған орай бірқатар банктер нарықтық ипотекалық кредиттеу талаптарын қайта қарады. Статистикалық көрсеткіштер:
- ипотекалық несиелеуге түскен кредиттік өтінімдер саны 19%-ға өсіп, 288 мыңға жетті,
- орташа көлемі 21%-ға артып, 21 млн теңгені құрады,
- өнімдер бойынша мақұлдау коэффициенті 6 т.п.-ға төмендеп, 23% болды.
Бұл реттте, автонесиеге сұраныс 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта бірқатар банктер іске қосқан автосалондар субсидиялайтын бағдарламалардың кейінгі әсеріне байланысты өсуді жалғастыруда. Жоғары сұранысқа қарамастан, жағдай келесідей:
- автокредиттерге түскен өтінімдер саны өткен тоқсан деңгейінде (1,52 млн) қалды,
- орташа көлемі 5%-ға төмендеп, 6,9 млн теңгені құрады,
- автонесиелеу бойынша мақұлдау коэффициенті 2 т.п.-ға төмендеп, 17%-ды құрады.
Осылайша:
- өтінімдер саны 6%-ға төмендеп, 17,2 млн,
- орташа өтінім көлемі 7%-ға өсіп, 1 млн 50 мың теңге болды.
Тұтастай алғанда, ведомство 2025 жылдың IV тоқсанында бөлшек сегментте ипотекаға, автокредиттерге және кепілсіз қарыздарға сұраныстың шамалы төмендеуі болжанғанын, ал кепілге салынған тұтынушылық несиелерге сұраныс тұрақты болып қалуы тиіс екенін атап өтті.


