Қазақстандық дәрігерлерді оқытуға израильдік мамандар тартылуы мүмкін

0
102

Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов Израильдің Berman Group компаниясының директоры Марк Берманмен кездесті.


Қазақстандық дәрігерлерді оқытуға израильдік мамандар тартылуы мүмкін

Фото: ДСМ

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Израиль медициналық кадрларды даярлау, тәжірибе алмасу және заманауи медициналық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты талқылады, деп жазады inbusiness.kz.

Тараптар қазақстандық дәрігерлерді тәжірибеге бағытталған оқыту, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық ұйымдарда израильдік мамандардың қатысуымен мастер-кластар өткізу мүмкіндігін қарастырды.

"Алынған білім мен технологиялар біздің медициналық ұйымдарда қолданылып, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға қызмет етуі тиіс", – деді Манас Рамазанов.

Кездесуде мамандар даярлау, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелеріне де назар аударылды.