Оны онлайн саудалауға тыйым салынуы мүмкін.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов ішімдік сатудың мерзімі мен онлайн саудалауды шектеу бойынша бірқатар ұсыныс енгізді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, елдегі қылмыс көрсеткішіне алкогольді шамадан тыс тұтыну да әсер етеді.
«Жыл сайын азаматтар мас күйінде 10 мың қылмыс жасайды. Оның алдын алу жұмыстарын атқарып жатырмыз. Ішімдік ішкен тұрғындарды қоғамдық орындардан шеттетеміз. Есепте тұрған тұлғаларға алкоголь сатуды шектеп жатырмыз. Алайда мұның барлығы тек салдарымен күресу. Полиция мәжбүрлеуге көшіп отыр. Кейбір кәсіпкерліктер табысты арттыру мақсатында ішімдік сатудың уақыты мен жас шектеуін бұзады. Барлар мен кафелерде тәулік бойы ішімдік сатады. Онлайн жеткізу де үздіксіз жұмыс істейді», - деді министр Мәжілістің үкімет сағатында.
Сәденов тәжірибе көрсетендей лицензия бермеу де тиімсіз екенін айтты. Екінші күні оны басқа тұлғалар жасай алады.
«Бұл мәселені біз ведомствоаралық комиссияда қарадық. Алкогольді тек арнайы дүкендерде сатуға қатысты ұсыныстар айтылды. Лицензия беруге рұқсатты қатаңдату қарастырылған. Сондай-ақ алкогольді онлайн сатуға тыйым салу қарастырылады. Оған қоса, ішімдік сусындарын сатудың уақытын көңіл көтеру орындарында шектеу көзделіп отыр. Ондай нысандарда 1400 қылмыс жасалған, оның ішінде 3 кісі өлтіру фактісі бар. Алайда біздің бұл ұсыныстарды кейбір органдар қолдамай отыр. Бұл жерде ең алдымен аамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау тұрғысынан қарауымыз керек»,- дейді ішкі істер министрі.