Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақының шекті мөлшері белгілі болды

0
104

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу тоқтаған жағдайда сақтандырылған мәртебе небәрі 3 ай ғана сақталатыны жиі сынға ұшыраған еді.


Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақының шекті мөлшері белгілі болды

то: tgu-dpo.ru

ERNUR.KZ. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақының шекті мөлшері белгілі болды, деп жазады stan.kz.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ өкілі Гүлбағила Болатбекованың айтуынша, аз жалақы алатын азаматтарға әлеуметтік төлемдер бойынша ешқандай шектеу қойылмайды. Алайда шектеу жоғары табыс деңгейіне қатысты қолданылады.

Маманның түсіндіруінше, есептеу кезінде жеті еселенген ең төменгі жалақы шегі алынады. Қазіргі есеп бойынша бұл шамамен 595 мың теңге болса, оның 45%-ы 270 мың теңге көлемінде болады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу тоқтаған жағдайда сақтандырылған мәртебе небәрі 3 ай ғана сақталатыны жиі сынға ұшыраған еді. Қоғамда жұмыссыз қалған азаматтардың қысқа мерзім ішінде медициналық көмектен қағылатыны туралы мәселе көтеріліп, жүйені жеңілдету қажеттігі айтылған. Осыған байланысты енді мәртебені сақтау мерзімі 6 айға дейін ұзартылғанын жазған едік.