Министр жыл сайын ЖИ көмегімен жолға диагностика жасау тәжірибесі кең етек жайып келе жатқанын айтты.
Фото: Үкімет
ERNUR.KZ. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында жолдардың цифрлық паспортын жасау не үшін қажет болғанын айтты, деп жазады inform.kz.
— «e-Joldar» платформасының аясында жолдардың цифрлық паспорттары жасалып жатыр. Бұл келешекте пилотсыз көлік құралдарын енгізуге мүмкіндік береді, — деді ол.
Министр жыл сайын ЖИ көмегімен жолға диагностика жасау тәжірибесі кең етек жайып келе жатқанын айтты.
— Жол төсемін сақтау үшін 220 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылады. Қазір оның 71-і іске қосылған, — деді Нұрлан Сауранбаев.


