Сайлаушыларға екі жауап нұсқасы ұсынылады.
© Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Халықтың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдаса, негізгі құжаттың 84 проценті жаңарады. Бұдан бөлек, мемлекеттік мейрамның күні өзгереді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Республикалық референдумға Конституцияның жаңа жобасы шығарылып отыр. Ал бюллетеньде бір ғана сұрақ болады. Ол - "Жобасы 2026 жылдың 12 ақпанында БАҚ-та жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?".
Мәтін қазақ және орыс тілдерінде берілген. Сонымен қатар көру қабілеті нашар азаматтар үшін Брайль рельефті қарпі қолданылған. Сайлаушыларға екі жауап нұсқасы ұсынылады. Олар:
Иә – қабылдаймын;
Жоқ – қабылдамаймын.
Әр жауаптың жанында бос төртбұрышты ұяшық орналасқан. Әрбір адам таңдаған нұсқасының тұсына белгі қояды.


