Қазақстанда Volvo көліктері шығарылады

0
203

Astana Motors және Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Қазақстанда Volvo көліктері шығарылады

© Photo : Министерство промышленности и строительства РК

ERNUR.KZ. Қазақстанда Volvo маркалы жүк көліктерін шығаратын кәсіпорын ашылады, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қазақ-швед сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссиясының отырысында Astana Motors және Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжатта Volvo жүк автомобильдерін өндіруге дайындық шаралары қарастырылған.
"Жобаның бастапқы кезеңінде алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған Volvo FH13 магистралды тартқыштарын шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар өнеркәсіп пен құрылыста кеңінен қолданылатын Volvo FMX13 автокөліктерін өндіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Швед автомобиль компаниясы бүгінде кеңейтілген модельді жүк көліктерін шығаратын әлемдегі көшбасшы өндірушілердің бірі болып саналады. Өткен жылы Volvo Trucks Қазақстанда алғашқы сервистік стансасын және Орталық Азия мен Кавказ өңірі үшін жаңа кеңсесін ашқан болатын.