Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады

0
162

Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы әсіресе Ұлытау облысында қатты қымбаттаған.


Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады

фото: Pixabay / congerdesign

ERNUR.KZ. Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы, деп жазады sputnik.kz.
Наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының бағасы айлық мәнде 5,5% өссе, жылдық мәнде 45% қымбаттаған.
Өңірлер бөлінісінде ең төменгі жылдық қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелді – 14,5%, Шымкентте – 29%, Астанада – 29,9%. Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында ең қатты қымбаттаған – бір жылдағы өсім 71%.
Сонымен қатар Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді, дейді мамандар.
2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7% өсіп, 2,7 млрд теңгені құраған.