Бұған дейін депутат қорда миллиардтаған теңге жатқанын, алайда қаражат толық пайдаланылмай отырғанын айтқан еді.
Фото: Stan.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда қылмыс құрбандарына өтемақы төлеу қоры есебінен берілетін төлем көлемі екі есе артуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі Құрылтай депутаты Снежанна Имашеваның өтемақы мөлшерін көбейту туралы ұсынысын қолдады, деп жазады Stan.kz.
Бұған дейін депутат қорда миллиардтаған теңге жатқанын, алайда қаражат толық пайдаланылмай отырғанын айтқан еді. Осыған байланысты ол өтемақы көлемін арттыруды немесе төлем алуға құқығы бар адамдардың санатын кеңейтуді ұсынды. Сонымен қатар өтемақы тағайындау мен аудару тәртібін жеңілдетіп, бұл процесті автоматтандыру қажеттігін көтерді.
Қазір қылмыс құрбандарына төленетін өтемақы алушының санатына қарай 30, 40 немесе 50 айлық есептік көрсеткішті (АЕК). Алайда айлық есептік көрсеткіш мөлшері жыл сайын өзгергенімен, өтемақы көлемі қайта қаралмаған.
Осыны ескерген министрлік депутаттың төлемдерді екі есе арттыру қажет деген ұсынысымен келісті.
Министрлік өтемақы төлеу кезінде кідірістердің туындау себептерін де түсіндірді. Олардың қатарында қажет мәліметтердің уақытында берілмеуі, құжаттардағы қателер, алушылардың банк деректемелері мен жеке мәліметтеріндегі сәйкессіздіктер бар.
Қазір министрлік Тергеу департаменті өтемақы тағайындауға қажет ақпаратты тексеру тетігін әзірлеп жатыр.


