Туғанына небәрі 3 күн болған: Ақмола облысында жол апатына түскен сәби ауруханадан шықты

0
89

Дәрігерлер нәрестенің өмірі үшін екі апта бойы күресті.


Туғанына небәрі 3 күн болған: Ақмола облысында жол апатына түскен сәби ауруханадан шықты

© Sputnik / Владимир Астапкович

ERNUR.KZ. Ақмола облысында туғанына небәрі 3 күн болған сәби жол апатынан кейін ауруханадан шықты, деп жазады sputnik.kz.
Жол апаты 7 қарашада Астана – Петропавл тасжолының 312-шақырымында болған. Жеңіл автокөлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Соның ішінде туғанына небәрі үш күн болған қыз бала зақым келді.
Сәби өте ауыр жағдайда Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Оған ауыр бас-ми жарақаты, миға қан құйылу, қол сүйегінің сынуы және кеуде жарақаты диагноздары қойылды. Жағдайының ауырлығына байланысты сәби өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.
Дәрігерлер нәрестенің өмірі үшін екі апта бойы күресті. Қазіргі уақытта сәби емделіп, үйіне шығуға дайын, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бала алдағы күндері дәрігерлердің бақылауында болып, оңалту шаралары жүргізіледі.