Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге шегерілді

0
136

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болған: 16,1%.


Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру кейінге шегерілді

Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ERNUR.KZ. Қазақстанда кейбір коммуналдық қызмет тарифін көтеру кейінге қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Cенбіде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте жиын өтіп, бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды.

Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болған: 16,1%.

"Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Коммуналдық қызмет тарифін өсіруді ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай түбіртек енгізілетіні хабарланды.