Қазақстанда халықаралық әскери-патриоттық жиын өтеді

0
111

"Айбын-2026" халықаралық жиынына Қазақстан мен шетелден 900-ден астам қатысушы келеді.


Қазақстанда халықаралық әскери-патриоттық жиын өтеді

Фото: Бейнероликтен

ERNUR.KZ. 21–27 маусым аралығында Щучинск қаласында еліміздегі ең ірі халықаралық әскери-патриоттық жоба – "Айбын-2026" жастар жиыны өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

Іс-шараға Қазақстанның өңірлерінен 53 команда қатысады. Жалпы қатысушылар саны 900-ден асады. Сонымен қатар жиынға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген жастар да қатысып, әскери-спорттық, зияткерлік және технологиялық сайыстарда бақ сынайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Айбын-2026" халықаралық жиыны жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, патриоттық рухын нығайтуға және әртүрлі елдердің болашақ Отан қорғаушылары арасындағы достық байланысты күшейтуге бағытталған.

Жоба аясында қатысушылар түрлі жарыстар мен командалық сынақтардан өтіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.