2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер күшіне енеді.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда кәмелетке толмағандарға энергетикалық сусындарды сатқаны және олардың сауда ережелерін бұзғаны үшін жаңа айыппұл енгізіледі, деп жазады stan.kz.
2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер күшіне енеді. Бұл өзгерістер энергетикалық ішімдіктердің айналымына қойылатын талаптарды күшейтеді. Тиісті №232-VIII ҚР Заңы 2025 жылғы 17 қарашада қабылданған.
Түзетулер ӘҚтК-тің 199 және 423-1 баптарына енгізіліп, энергетикалық сусындарды сату тәртібін сақтамағаны үшін, сондай-ақ оларды 21 жасқа толмағандарға өткізгені үшін жеке тұлғалар мен бизнес субъектілеріне айыппұл салуды көздейді.
Энергетикалық сусындарды сату ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар
Алғашқы рет бұзған жағдайда:
- Жеке тұлғалар – 15 АЕК
- Шағын бизнес – 30 АЕК
- Орта бизнес – 50 АЕК
- Ірі бизнес – 70 АЕК
Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда:
- Жеке тұлғалар – 20 АЕК
- Шағын бизнес – 50 АЕК
- Орта бизнес – 100 АЕК
- Ірі бизнес – 120 АЕК
Энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі тұлғаларға сатқан үшін айыппұлдар
Бірінші рет:
- Жеке тұлғалар – 30 АЕК
- Шағын бизнес – 50 АЕК
- Орта бизнес – 80 АЕК
- Ірі бизнес – 200 АЕК
Қайталанса:
- Жеке тұлғалар – 60 АЕК
- Шағын бизнес – 100 АЕК
- Орта бизнес – 160 АЕК
- Ірі бизнес – 400 АЕК
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бизнес үшін жаңа кезең басталады. 2026 жылғы қызметке қатысты тексерулер қалыпты тәртіпте жүргізілмек. Ал 2023–2025 жылдарға тек қылмыстық істер аясындағы немесе кәсіпкерлердің өз өтініші бойынша жүргізілетін жағдайлардан басқа (мысалы, ҚҚС қайтару кезінде) тексеру жүргізілмейді.
Осылайша, бизнеске бухгалтерияны реттеп, берешектерін қосымша санкциясыз жабуға үш жылға мүмкіндік беріледі.


