Қазақстанда еңбек мигранттарына қосымша салық енгізу ұсынылды

0
113

2025-2035 жылдары жалдамалы жұмысшыларға деген жалпы сұраныс 3 млн адамға жетеді деген болжам бар.


Қазақстанда еңбек мигранттарына қосымша салық енгізу ұсынылды

Фото: stopterror.uz

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев еңбек мигранттарына қосымша салық енгізуді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығының" болжамы бойынша 2025-2035 жылдары жалдамалы жұмысшыларға деген жалпы сұраныс базалық сценарийде 3 млн адамға жетеді. Олардың ішінде 813 мыңы – жұмысшы кадрлар. Ең үлкен қажеттілік өнеркәсіп саласында (27%) және құрылыс саласында (11%) болады күтілуде. Қазақстандағы жалақы деңгейі Орталық Азия елдері арасында ең жоғары болып қалуда әрі өңір бойынша орташа көрсеткіштерден айтарлықтай асып түседі. Қазір Қазақстанда қызмет көрсету саласында, құрылыс пен ауыл шаруашылығында жұмыс орындары жеткілікті", – деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, Еуропа елдері мен Ресейде шекараларды жабу, протекционизмді күшейту және кіру ережелерін қатаңдату сияқты жаһандық үрдістер байқалып отыр. Депутат Қазақстанға бауырлас Орталық Азия елдерінен еңбек мигранттарын тарту қажет деп есептейді.

"Бірақ та, миграциялық ағындарды стратегиялық тұрғыдан басқару маңызды. Біліктілікке, салықтарға және интеграцияға баса назар аударылған жағдайда, олар экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылықтың көзіне айналады. Сонымен бірге, экономикалық пайда елде қалуы тиіс. Бүгінде еңбек мигранттары Қазақстан экономикасында жұмыс істейді, алайда олардың кейбірі заңсыз еңбек етеді, бұл жергілікті жерде жемқорлыққа әкеледі", – деп түсіндірді Ерлан Барлыбаев.

Осыған орай депутат бірқатар ұсыныс тастады.

"Еңбек құқығын сақтау және барлық қажетті әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, шетелдік еңбек күшіне арналған шарттарды жеңілдету керек. Сол уақытта шақырылған еңбек мигранты үшін жауапкершілікті жұмыс берушіге бекіту қажет. Жұмыс күшіне тапшылық бар салаларда еңбек мигранттарын тартуға арналған квоталарды көбейту және оны алу рәсімін жеңілдету. Сонымен қатар, еңбек мигранттарына қосымша салық енгізу және олардың санын салықты көтеру немесе төмендету арқылы реттеу ұсынылады", – деді Мәжіліс депутаты.