Қазақстанда денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды

0
104

Жаңа платформа Министрлік пен өңірлерге денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.


Қазақстанда денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды

ERNUR.KZ. Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте біріктіретін Зияткерлік денсаулық сақтау платформасы (Health Intelligence Platform). Платформаны құру Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам болды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңа платформа Министрлік пен өңірлерге денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде әрбір медициналық ұйымның лицензиялары, кадрлық құрамы, жабдықтары, ғимараттары, бөлімшелері, төсек-орын қоры және басқа да қажетті мәліметтері қамтылған бірыңғай «цифрлық паспорты» қалыптастырылады.

Сонымен қатар, медициналық техниканы басқаруға ерекше назар аударылған. Жүйе жабдықтың сатып алынған сәтінен бастап техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тозу деңгейіне дейінгі бүкіл өмірлік циклін қадағалайды. Бүгінде жүйеде денсаулық сақтау саласының негізгі цифрлық тізілімдері мен сервистері іске асырылып, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен терең интеграцияланды. Сондай-ақ медициналық көмектің сапасын цифрлық постлицензиялық бақылау енгізілді.