Қазақстанда бір тәулікте үшінші рет жер сілкінісі болды

0
104

Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,2.


Қазақстанда бір тәулікте үшінші рет жер сілкінісі болды

Яндекс картасының скриншоты

ERNUR.KZ. Қазақстанда бір тәулік ішінде үшінші рет жер сілкінісі тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, Астана уақытымен сағат 13:53-те магнитудасы 4,2 жер сілкінісі болды. Ошағы Кеген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 60 шақырым жерде орналасқан.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығының ақпаратына сәйкес, жер сілкінісі Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,2.

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқанын хабарлады.

  • Нарынқол ауылында – 2-3 балл,
  • Кеген ауылында – 2 балл.

ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді. Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын тексеріп шықты.

"Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - деп хабарлады ТЖМ.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте таңертең Алматыда бірнеше сағат айырмашылықпен екі рет жер сілкінісі болды. Сейсмологтар екі оқиға жазбаларын салыстыра келе, бірінші дүмпу екіншісінің форшогы болды деген қорытындыға келді.