Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды: тізім

0
74

2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 8:30-дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған


Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды: тізім

ERNUR.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірнеше аймағында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, - деп жазады tengrinews.kz.

2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 8:30-дағы жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған:

Батыс Қазақстан облысы:

  • "Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 273-393 шақырым аралығы (Барбастау ауылы – Жымпиты ауылы).

Жетісу облысы:

  • "Үшарал – Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық стансасы).

Маңғыстау облысы:

  • "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" автожолының 332-632 шақырым аралығы (Бейнеу елді мекені – Шетпе елді мекені).