Қазақстанда 7%-дық ипотекаға 25 миллиард теңге бөлінді: Өтінімдер қашан қабылданады

0
155


Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. 1 сәуірден бастап Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасы бойынша екінші тоқсанға арналған жаңа лимиттер ашылады. Үш айға жалпы 25 миллиард теңге бөлінеді, деп жазады Stan.kz.

Қазақстанда "7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы өз жұмысын жалғастырып келеді. "Крыша" порталының мәліметінше, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап екінші тоқсанға, яғни сәуір-маусым айларына арналған жаңа қаржыландыру лимиті іске қосылады. Осы кезеңге банктерге 25 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы 2026 жылға 100 миллиард теңге қарастырылған. Енді әр тоқсанға 25 миллиард теңге бөлініп отырады.

Бағдарлама операторы Қазақстан тұрақтылық қоры. Қазір ипотеканы келесі банктер береді:

  • "Банк ЦентрКредит"
  • Halyk Bank
  • Freedom Bank
  • ForteBank
  • Bank RBK
  • "Еуразиялық банк"
  • Altyn Bank.

Бағдарлама шарттары:

  • мөлшерлеме – 7%
  • бастапқы жарна – кемінде 20%
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін
  • соңғы 18 айда өтініш берушінің және жұбайының атына тұрғын үй болмауға тиіс
  • тек жаңа, пайдалануға берілген тұрғын үй сатып алынады (қайталама нарық жарамайды)
  • бағдарламаға тек Қазақстан азаматтары бір рет қана қатыса алады.

Тұрғын үйдің шекті бағасы:

  • Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Шымкент – 30 миллион теңге
  • Қарағанды – 25 миллион теңге
  • басқа өңірлер – 20 миллион теңге.

Айта кетейік, лимиттің ашылуы ипотека алуға кепілдік бермейді. Несие өтінімдері кезек тәртібімен қаралады, сондықтан барлық азамат үлгермеуі мүмкін.