Бұған дейін пәтерлердің бірінен тұрғынды сыртқа алып шығу әдісі көршілерінің күдігін тудырған болатын.
фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады, деп жазады sputnik.kz.
Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің кім екені және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы бар болуы мүмкін екені анықталды.
Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Тергеу барысы министрдің жеке бақылауында.
Еске сала кетейік, бұған дейін көп қабатты үйлердің бірінен басына пакет кигізілген адамның сыртқа алып шығу әдісі камераға түсіп қалған болатын. Бейнежазба ер адамның көршілерінің күдігін туғызған. Олар қылмыскерлердің марқұмның пәтерін заңсыз иемденіп алуы мүмкін екендігін де айтқан.