Нормаларға сәйкес, қарасораны өңдейтін кәсіпорындар өсімдік сабағын партиялар бойынша қабылдайды.
Фото: Ru.freepik.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда өнеркәсіптік қарасораны өңдеу қағидалары бекітілді. Үкіметтің қаулысында қарасораны қолдана алатын салаларды реттейтін нормалар көрсетілген, деп жазады stan.kz.
Нормаларға сәйкес, қарасораны өңдейтін кәсіпорындар өсімдік сабағын партиялар бойынша қабылдайды.
“Партия деп өндірістік мақсатта өсіруге рұқсат етілген бір сорттағы қарасора өсімдігінің, есірткі немесе психотроптық заттарды өндірумен байланысты емес, кез келген мөлшердегі сабағы саналады”, – деп көрсетілген құжатта.
Сонымен қатыр өсімдіктер бір мерзімде жиналып, кәсіпорындарға бір құжат бойынша тапсырылуы тиіс.
Шикізатты өңдеушілер оны орамдар немесе қапталған брикеттер түрінде қабылдауы керек, мұнда өсімдіктегі қарасорадағы негізгі психоактивті зат тетрагидроканнабинол деңгейінің заңмен белгіленген нормадан аспайтынын растайтын сараптама қорытындысы негіз болу қажет. Құжат мемлекеттік құқық субъектісі тарапынан берілуі тиіс.
Ережелерге сәйкес, қарасораны терең өңдеумен келесі салалар айналыса алады:
- Тоқыма өнеркәсібі – зығыр-қарасора маталары, арқан, тоқылмаған материалдар, техникалық жіптер және т.б. өндірісі;
- Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі – қағаз, картон, фильтрациялық материалдар және басқа өнімдер өндірісі;
- Құрылыс саласы – арболит, қарасора бетон (hempcrete), жылу оқшаулағыш плиталар және тағы басқа;
- Азық-түлік және мал азығы өндірісі – тамақтық май, жмых, ұн, ақуыздық концентраттар, жануарларға арналған азық және басқа өнімдер;
- Биокомпозиттер – автокөлік, жиһаз, орау материалдары және басқа бөлшектерді өндіру.


