Қазақстан мұнайы қымбаттай түсті

0
116

Бұған әлемдік нарықтағы мұнай тапшылығы себеп болған.


Қазақстан мұнайы қымбаттай түсті

Фото: kyn.kz

ERNUR.KZ. Аталған жағдай Қазақстан мұнайына деген сұраныстың артуына әсер етіп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Мұнай нарығындағы ахуалдың өзгеруінің Сауд Арабиясындағы жеткізілім мәселелерінің тікелей қатысы бар. Мысалы, Янбу портында мұнай тиеу жұмыстарының тоқтауы және East-West мұнай құбырының жұмысына байланысты қиындықтар Еуропа нарығындағы шикізат тапшылығын күшейткен.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Еуропадағы кейбір физикалық мұнай партияларының бағасы барреліне 122 долларға дейін жеткен.

Жеткізілім көлемінің айтарлықтай қысқаруы мұнай өңдеушілерді балама шикізат көздерін іздеуге мәжбүрлеп отыр. Осыған байланысты АҚШ, Қазақстан, Алжир және Гайана мұнайына қызығушылық арта түскен.

Нарықтағы ұсыныстың азаюы Қазақстан мұнайына сұранысты күшейтіп, оның бағасына да жоғары қысым жасауда.

Бұған дейін Қазақстанның мұнай қоры 13,2 млрд тоннаға жететінін жаздық.

Одан бөлек, "Трамп Киевтен Мәскеудің мұнай зауыттарына шабуыл жасамауды сұрады" деген тақырыпта да материал жарияланды.